Талдықорғанда ірі көлемде пара алған білім бөлімінің басшысы ұсталды. Жетісу облысының білім саласындағы ірі жымқыру ісіне қатысты жаңа деректер шықты. Облыс бойынша антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Еске сала кетейік, бұған дейін прокуратура талдықорғандық есепшілердің ұсталғанын растаған еді.