Түркістан
EN

«Turkistan VIBE» бағдарламасы алғашқы хабарын Келес ауданынан бастады

128
26.04.2023

Түркістан арнасында тұсаукесер! Жаңа реалити-шоу "Түркістан вайб"! Әріптестеріміз шалғайдағы ауылдарға барып, сондағы ағайынның бір күндік тұрмыс-тіршілігімен танысады. Хабарда мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, өз алдына кәсіп ашып, түтінін түзу түтетіп отырған жандардың күнделікті өмірін көрсетеміз.Телеарна ұжымынан құралған экспедиция мүшелері алғашқы сапарын Келес ауданындағы Жүзімдік және Абай ауылынан бастады. Ауылдықтармен бірге еңбекке араласып, жұмыс істеп көрді.