Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтыр біздің өңірде 58 117 бала дүниеге келіпті. Ал, туу көрсеткіші бойынша екінші қала - Алматы, онда 36 134 сәби дүниеге келген. Жаңа туған нәрестелер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы – 35 081 бала, ал елорда төртінші орында: Астанада - 30 245 сәби дүниеге келген екен. Халық саны ең көп өскен бес аймақты 31 784 жаңа туған нәресте тіркелген Шымкент жауып тұр. Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр елімізде барлығы 403 мың 500 сәби дүние есігін ашқан.