Жаңадан кәсіп бастағысы келетін жастар үшін жағымды жаңалық. Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында Түркістан облысына 2 млрд 970 млн теңге бөлінген. Жоба аясында 600-ге жуық жас 5 млн теңге сомасында 2,5 пайыздық несие ала алады. Бұл бағдарлама 21-35 жас аралығындағы жастарға арналған. Мерзімі – 5 жылға дейін. Ал, мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін. Сонымен қатар негізгі қарызбен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі беріледі. Оның ұзақтығы микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек. Құжаттарды қабылдау наурыз айынан басталды.