Түркістан облысында заңсыз айналымнан 350-ге жуық трамадол таблеткасы тәркіленді. Полицейлер екі тәулік ішінде Сарыағаш және Келес аудандарында трамадол препаратын заңсыз сақтау мен сатудың 7 дерегін анықтаған. Мәселен, жедел уәкілдер трассалардың бірінде ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 200-ден астам трамадол таблеткасын тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, трамадол психотропты дәрілерге жататындықтан елімізде оны сатуға қатаң тыйым салынған болатын.