Астана, Алматы және Шымкент қалаларына 5G интернет желісі қосылмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, биыл мегаполистер мен кей облыс орталықтарын 5G интернет желісіне қосу жоспарлануда. Ал 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75 пайызға, ал облыс орталықтарын қамту 60 пайызға жеткізілмек. Сондай-ақ, ол қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын жылдамдығы жоғары және қолжетімді интернет желісімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын атап өтті.