Түркістан
EN

Түркістанда өндірістік базаның жұмысынан тұрғындардың үйлеріне сызат түсіп жатыр

115
24.04.2023

«Жер сілкінгендей болады», «Үйіміз құлай ма деп қорқамыз», «Жақындарымыз мүгедекке айналды». Бұл Түркістан қаласы Бекзат шағын ауданы тұрғындарының жан-айқайы. Айтуларынша, тура үйлерінің жанында күндіз-түні вагондарға тонналап темір-терсек артылып, Ресейге жөнелтіледі екен. Бұдан бөлек, темір жолдың түбінде тұратындар жоғары кернеулі электр тоғының да зардабын тартып жатқан көрінеді. Мән-жайды тілшіміз Назым Қайратқызы анықтап көрді.