Түркістан
EN

Жыл басынан бері прокурорлар азаптау бойынша 220 қылмыстық іс жүргізді

154
24.04.2023

Алматыда азаптау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында халықаралық конференция өтті. Басқосуға еуропалық сарапшылар қатысты. Сондай-ақ Орта Азия мемлекеттерінің әрекет етуші судьялары, еліміздің барлық деңгейдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңгерлер мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысты. Конференцияда адам құқығын қорғайтын ұйым өкілдері азаптау жағдайлары әлем елдеріне ортақ мәселе екенін атап өтті. Ал, еліміздің бас прокуроры Берік Асылов Қазақстанда азаптауға және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы күресіп жатқанын айтады. Бас прокурордың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тоқтамайды.

БЕРІК АСЫЛОВ ҚР БАС ПРОКУРОРЫ

Биыл прокурорлар азаптау бойынша 220 қылмыстық іс жүргізді. Бұл жағдай өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге азайған. 21 қызметкерге қатысты  5 іс сотқа жіберілді. 48 іс оңалту белгілері бойынша тоқтатылды, 24 тергеу тоқтатылды, 143 іс өндірісте.