Түркістан облысының үздік баспасөз хатшысы анықталды. Байқауды «NewsHub.kz» Қазақстанның ақпараттық хабы ұйымдастырған. Баспасөз хатшылары байқауына облыстан 16 адам қатысып, арасынан әріптесіміз Нұрлан Сұлтанбек үздік деп танылды. Нұрлан Сұлтанбек - Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы және Түркістан телеарнасындағы «Терезе» бағдарламасының жүргізушісі. Ақпараттық хаб осыған дейін Жетісу мен Маңғыстау облысының үздік баспасөз маманын анықтады. Бұл жобаны алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде өткізу жоспарланған.