Ордабасылық өнер иелері Түркістанда. «Өнерлі өлке» фестивалі аясында өткелі отырған Ордабасылық өнер иелерінің мәдени іс-шарасы 3 күн бойы өтеді. Бірінші күн Әжелер ансамблінің әсем әнімен басталып, жас бүлдіршіндердің өнерімен ерекшелене түсті. Сонымен қатар көрмеге ұлттық өнер туындылары қойылып, қыл-қалам шеберлерінің өнері насихатталды. Бірінші айт мейрамымен тұспа-тұс келген өнер фестиваліне келушілерде көп болды. Шілде айына дейін жалғасатын фестивальдің мақсаты-қазақтың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеп, төл мәдениетімізді дамыту, сондай-ақ аймақтың туристік әлеуетін арттыру.