Түркістан
EN

Түркістанда жыл басынан бері 100 мыңға жуық ағаш көшеті егілді

88
24.04.2023

 

Түркістан қаласын көгалдандыру жүйелі жүзеге асып келеді. Былтырғы жылдың нәтижесінде облыс орталығында 200 мыңнан аса ағаш отырғызылып, 60 пайызға жуығы өнген болатын. Ал биыл жыл басынан бері шаһарда 100 мыңға ағаш көшеті отырғызылды. Қалада 11 нысан бойынша абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған нысандарда жұмыс жүргізуші мердігер мекемелер жерсінбеген ағаштарды өз есебінен қайта отырғызып, жаңартуда.