Түркістан
EN

Түркиядағы айт мейрамы ерекше тойланып жатыр

165
24.04.2023

Түркияда ораза айт мерекесіне орай 3 күндік демалыс жарияланды. Халқының басым көпшілігі ислам дінін қолдайтын елде мереке ерекше аталып өтеді. Ағайын-туыстар бір-бірінің үйіне бас сұғып, қонақ болып ыстық лебіздерін жаудырады. Бауырлас ұлттың бүгінгі күнді қалай өткізгенін келесі сюжеттен көріңіздер. Бүгінгі ораза айт намазына мыңдаған Ыстамбұлдық мұсылман қатысты. Сап түзегендер көп болғандықтан мешіт ішіне сыймай, сыртқа жайғасқандарда болды. Келген жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі. Олар әр жыл ссайын бұл мейрамды асыға күтетіндерін айтуда.