Ойын алаңында алаңсыз жүрген балалардың жоғалуы жыл сайын арту үстінде. Бірі қолындағы тәттісімен, екіншісі жылы-жылы сөздерімен баланы әкетіп, ақыр соңы жайсыз оқиғалармен аяқталып жатады. Кәмелет жасқа толмаған балалар қауіп-қатерге қаншалықты дайын? Үйдегі балаға, ата-ана түсіндірме жұмыстарын жүргізеді ме? Арна тілшілері Түркістанда арнайы эксперимент жүргізіп көрді.