Түркістан
EN

Түркістан облысында оқушы қыздың өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды

141
20.04.2023

Түркістан облысында тоғызыншы сынып оқушысын айуандықпен өлтіру ісі бойынша тағы бір адам ұсталды. Ол 11 сыныпта оқитын оқушы болып шықты. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Қазір екі жігітте қамауда. Еске салсақ, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті суару арнасынан табылған болатын. Оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталған еді.