Кітапхананың астында алтын бар ма? Сауран ауданы Құсшы ата ауылындағы руханият ошағын жыландар жайлаған. Әлеуметтік желілерге жарияланған осы ақпаратты тексеру үшін арнамыздың түсірілім тобы арнайы осы елдімекенге барды. Сонымен кітапхана білімділер ордасына емес, жыландар ордасына айналғаны қаншалықты рас? Айдана Дүйсенбаева айтып берсін.