Түркістан
EN

Түркістан облысының тұрғындары газға 1 млрд 357 млн теңге қарыз

95
19.04.2023

Түркістан облысында тұтынушылардың газға қарызы 1 млрд. 357 млн теңгеге жеткен. 46 мыңға жуық адам берешегін төлеуден жалтарып жүр. Ең қызығы бір абоненттің қарызы жарты миллионнан асса да, төлеуге асықпайды екен. Сондықтан "ҚазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамының мамандары және біздің телеарнаның түсірілім тобы облыс орталығында арнайы рейд жүргізді. Заңды елемей, қарызын өтемегендер газ жүйесінен ажыратылды. Толығырақ әріптесім Назым Қайратқызы айтып берсін.