Түркістан қаласындағы зираттар басында тазалық жұмыстары жүргізілді. Мазар маңындағы қалдықтар мен қураған ағаш бұталары қоқысқа тасталды. Игі іс мұсылмандардың Айт мерекесі қарсаңында жүзеге асырылды. Оған қала азаматтары да белсенді түрде атсалысты. Діни қызметкерлер және мешіт жамағаты бірлесіп жасалатын сенбілік жыл сайын ұйымдастырылады екен. Жалпы, Түркістан қаласында 6 зират бар. Оның ішінде ең үлкені Қарашық бейіті.