Түркістан
EN

Бензин бағасы өскен соң көлігіне газ орнатқысы келетін жүргізушілердің саны артқан

86
19.04.2023

Елімізде бензин бағасы өскен соң көлігіне газ қондырғысы келетін жүргізушілердің саны артқан. Желіде тараған видеода автосервис алдындағы ұзын-сонар кезекті көруге болады. Бейнежазба авторының сөзінше, олар газ орнату үшін келген.  Айта кетейік, елде жанармай 205 теңге, ал автогаздың бағасы шамамен 3 есе арзан. Сарапшылар елде газбен жүретін көліктер көбейсе, сұйытылған газ саласына айтарлықтай ауыртпалық түсетінін айтады. Бұл газ тапшылығына да әкелуі мүмкін екен.