Түркістан
EN

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

70
19.04.2023

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғашқы үшем дүниеге келді. Аудан тұрғыны 2 перзентінен соң, 3 ұл босанып, батыр ана атанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Олардың салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларға көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы жақсы. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері Түркістан облысында дүниеге келген үшінші үшем. Бұдан бұрын Сарыағаш және Түркістан қаласының тұрғындары үшемдерді өмірге әкелген болатын.