Ыстамбұлдықтар қадір түнін Сұлтан Ахмед алаңында қарсы алды. Әйгілі Ая Софя мен Көк мешіттің іші жамағатқа лық толып сыймағандарға сыртқа жайнамаз төселді. Мұсылмандар көп шоғырланған шаһар үшін қасиетті түннің орны ерекше екені сөзсіз. Сондықтан қала халқы бір-біріне сыйлықтар беріп, ыстық лебіздерін жаудырды.