Жетісай ауданында үй іргелік жерлерді тиімді игеру жұмыстары жанданып келеді. Ауыл тұрғындары үй ауласына жылыжай салып, өнім алуды кәсіпке айналдырған. Мәселен, Ералиев ауылының тұрғыны өз иелегіндегі жерге қияр егіп, күніне 120 келі жинап, базарға сатады. Елдімекен «Достық» каналына жақын жатса да, ауыл халқы ағын суды барынша үнемдеу әдісіне көшкен.