Енді Түркістан облысында жанар-жағармай мен газ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізіледі. Бұл үшін тіпті арнайы жұмыс тобыда құрылмақ. Өйткені өңірде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 94 фактісі анықталыпты. Мәселе облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Облыс әкімі жанар-жағармай мен дизель тапшылығының алдын алу жөнінде жауаптыларға тапсырмалар берді.