Түркістан қаласында туристерге арналған 14 электромобиль өртеніп кетті. Оқиға өткен демалыс күндері болған. «Яссы Нұр» серіктестігіне тиесілі 216 шаршы метрлік аумақтан өрт шығып, 14 элоктромобиль жанып кеткен. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.