Түркістан
EN

Елдің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылып, күн күрт суыды

87
15.04.2023

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылып, күн күрт суыды. Табиғаттың тосын мінезі әсіресе елордалықтарды біраз әуреге салды. Қазір Астанада желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін ұйытқып, ақ түтек боран соғып тұр. Сәуірдің ортасында жауған қар мен көктайғақ салдарынан қала ішінде көлік қозғалысы қиындаған. Такси бағасы шарықтап кетті. Ал қоғамдық көліктердің кестесі бұзылды. Тұрғындар автобустарды сағаттап күтуге мәжбүр.