Түркияның Сакария қаласында білім алып жүрген қазақ студенттері ауызашар өткізді. Олар мұны Рамазан айы басталғалы бері тұрақты түрде жалғастырып келе жатыр екен. Бұл жолғы ауызашар қазақ студенттерінің жиі басы қосылатын "Education industry" орталығында болды. Айта кетейік, Сакарияда мыңнан аса Қазақстандық тәлімгер жоғарғы оқу орындарында білім алады. Олардың көбі инженерлік және гуманитарлық бағыттарды таңдаған. Жас шәкірттер елден жырақ жүрсекте ұлттық мерекелерімізді әрқашан бірге атап өтеміз,- дейді.