Түркістанда халықаралық университет ашылады. Жоғарғы оқу орны IT мамандар даярлап, киберқауіпсіздік пен цифрлық криминалистика бағытында білім бермек. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ-тың Пенсильвания университетінің түлектер және халықаралық бағдарламалар жөніндегі деканы Стивен Барнсты қабылдады. Кездесуде университет филиалын ашу бастамасының алғышарттары талқыланып, әріптестікті нығайту жолдары қаралды.