. Боливияның Эль-Альто билігі вакцина салдырған еріктілерді ынталандыруда. Себебі аталған ел екпе алуға сүлесоқтық танытып отыр – дейді Денсаулық сақтау министрі Джейсон Ауса. Осы мақсатта билік тіпті вакцина алған адамдарға кеспе мен күріш тағамдарын беруге шешім қабылдаған. Мемлекет басшысы халықты төртінші толқынның алдын алу үшін екпе қабылдауға және сол арқылы ел экономикасына көмектесуге шақырды. Боливияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халықтың 40% -ы яғни 7.1 миллион адам вакцинаның бірінші дозасын, 28%-ы екінші компонентін қабылдаған. Қыркүйектен бастап оқушылар дәстүрлі білім беру форматына көшеді. Мектепке барамын деген шәкіртке қандай талап қойылып отыр? Талибан лаңкестік ұйымы Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Босқындар болса, ұшақтың шассиіне жармасып, туған жерін тастап қашуға мәжбүр. Жағдай орта азияға қалай әсер етеді?Елімізде интернет алаяқтарын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Олқылықты болдырмау үшін полицейлер кезекті рейдтік шараны қолға алды.