Түркістан
EN

Дәрі-дәрмектер рецептісіз сатылып жатыр

129
14.04.2023

Елімізде әрбір екінші қазақстандық антибиотиктерді дәрігердің рұқсатынсыз қабылдайды. Сондықтан болар тұмау өршіген кезде қаладағы дәріханалардың саудасы қыза түседі. Тіпті ине салдыру үшін процедуралық кабинеттерге кезекке тұратындардың қатары көп. Қаладағы дәріханалардың иелері болса препараттарды дәрігердің рецептінсіз сата береді. Түркістан облысында дәрі-дәрмекті заңсыз саудалағандар 2 млн-ға жуық айыппұл арқалады. Дәрігер қорытындысын ескермей өз-өзін емдейтіндерге қандай қауіп төнуі мүмкін? Тілшіміз Назым Қайратқызы зерттеп көрді.