Бұрынғы қазақстандық содырдың жеті жасар қызы Сириядан елге қайтарылды. Арнайы операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген. Ведомствоның ақпаратынша, Люлю Сирия аумағында дүниеге келген қазақ қызы. Бір жасында анасы жарылыс салдарынан қаза тапқан. Бүлдіршін соғыс қимылдары мен аштықты да басынан өткізген. Қазіргі таңда бүлдіршін Астана қаласының балаларды қолдау орталығында. Қажетті ем-дом, психологиялық көмек алып жатыр. Жақын уақытта ол туыстарының қамқорлығына беріледі. Айта кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2019 жылдан бері терористтік белсенді аймақтан 518 кәмелетке толмаған баланы елімізге қайтарған. Оның 34 жетім балалар.