Өткен жылы елімізде 4,3 млн. тонна қоқыс шығарылған. Экология министрлігінің мәлімдеуінше қалдықтың артуы еліміздегі маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. "Қоқысты азайтудың төте жолы оны қайта өңдеу", - дейді министрлік өкілдері. Былтыр қалдықтардың 25 пайызы қайта өңделген. Биыл ол межені 25 пайызға жеткізу көзделіп отырған көрінеді. Қазір еліміздегі облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда 30 қоқыс сұрыптау кәсіпорыны бар екен.