Елімізде интернет алаяқтары күрт көбейді. Осыған орай түркістандық полицейлер 9 тамыздан бастап «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын қолға алды. Мақсат – алаяқтыққа қарсы күрес тетіктерін күшейту және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау. Бүгінге дейін 3 оқиға тіркеліп, заңсыз сатылған екі контрафактілік дискі тәркіленді. Сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғыны Бәйдібек ауданының тәртіп сақшыларына алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Нақтырақ айтсақ, күдікті мегаполистің тұрғынынан жолсерік қызметіне орналастырып беру үшін 164 мың теңге алған. Бүгінде аталған оқиға бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-ыншы «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.