Түркістан
EN

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

75
26.05.2021

«Кейбір адамдардың сотталуы қағаз жүзінде тіркелмеген де». «Мемлекеттік комиссияда тың ақпараттар өте көп». Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне байланысты арнайы құрылған мемлекеттік комиссия бүгін дөңгелек үстелде осылай деді. Жиында өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы зұлмат қасірет қозғалды. Репрессия құрбандарының ішінде дін өкілдерін зерттеуге құрылған арнайы топ бірқатар баяндамамен таныстырып, жаңа мәліметтерді ортаға салды.