Түркістан
EN

Арнамыздағы «Тайқазан» бағдарламасының жеңімпазы 100 мың теңге ұтып алды

548
13.04.2023

Арнамыздағы кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын «Тайқазан» интеллектуалды бағдарламасының кезекті жеңімпазы Кентау қаласы Хантағы ауылының тұрғыны Ержан Мырзатай атанды. Ол супер финалда үлкен тайқазанға қол жеткізіп, 100 мың теңгеге ие болды. Жеңімпаз бағдарламаны телеарнамыздың Youtube желісіндегі парақшасынан көріп, қатысуға қызығушылық білдірген. Айта кетсек, Ержан Мырзатай экономист болып жұмыс жасайды. Жеңімпаздың бұл бағдарламаға інісі де қатысып, бағын сынап көрген екен.