Түркістандық кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып отыр. Пластиктен құрылысқа қажетті өнімдер шығаратын өндіріс орыны бір жылда 500 тоннаға жуық қоқысты өңдейді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл істің экономикаға тигізер пайдасы да мол. Мысалы бір тонна пластик бөтелкені қайта өңдеу – 1,8 тонна мұнай шикізатына үнем болады екен.