Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Қасым Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Ғалымдармен басқосуда Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды. Күнсұлу Закарья – көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, әлемдік ғылым қоғамдастығына танымал профессор, отандық «QazVac» вакцинасының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. "Күнсұлу Дальтонқызы пандемия кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге зор үлес қосты, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.