Түркияда саяси топтардың тартысы күшейді. Мамырдың 14-і болатын президент сайлауында бағы басым түсуді қалағандар бұқараның алдында бір-бірін сынап әуре. Бірақ, бар күш енді қазіргі елдің басшысы Режеп Тайып Ердоғанға түсіп тұр. Ол өзін ұнатпайтындарды елемеген сыңай танытып, жұмысын әдеттегіден екі есе көбейткен. Сапар кестесінің тығыздығы соншалық бір күнде Түркияның бірнеше қаласын аралауға көшкен.