Осыдан екі жыл бұрын Кентау құрамынан бөлініп шыққан Сауранның әлеуеті артып, тұрмысы түзеліп келеді. Бүгін Аша елді мекенінің тұрғындары ұзақ уақыт армандаған таза ауыз суға қол жеткізді. Енді олар тіршілік нәрін тоқсаусыз тәулік бойы тұтына алады. Толығырақ ауыл тұрғындарының қуанышына куә болып қайтқан Бексұлтан Бекпатша тарқатсын.