Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тұрғындары енді от жағып, күл шығармайды. Өйткені бүгін ауылға табиғи газ берілді. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған. Газ құбырының жалпы ұзындығы-112 199 шақырым. Бүгінде 145 тұрғын үй көгілдір отынға қол жеткізді. Ал, округтегі қалған 118 көшенің тұрғындары алдағы жылыту маусымына дейін толық газбен қамтамасыз етілмек. Айта кетейік, аймаққа табиғи газ тарту жұмыстары «Ескі Ихан» автоматты газ тарату станциясы арқылы жүргізілген.