Түркістан дендросаябағындағы мәңгілік жасыл ағаштар қурап, сарғайып жатыр. Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырған мәселеге ғалымдар күн сәулесі күйдіріп жіберген деген тұжырымдама айтыпты. Дегенмен саябақтың көркін қашырған жағдайға не себеп? Шынымен күн сәулесі кінәлі ме? Әлде күтімі нашар ма? Әріптесім Бексұлтан Бекпатша біліп қайтты.