Түркістан
EN

Премьер министр: Жылу электр орталықтарының басшылығы мен иелерінің жауапкершілігі төмен

101
11.04.2023

Еліміздегі жылу электр орталықтарының басшылары мен иелерінің жауапкершілігі төмен. Сондықтан, мұнда қордаланған мәселелер көп. Олардың басым бөлігі жылу желілерінің тозуына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты. Айта кетсек, Павлодар, Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылу құбырларының басым бөлігі тозған. Енді алдағы 5 жылда жабдықтау желілерінің тозуын 43 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.