Түркістан
EN

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

103
10.04.2023

Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге болады. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық тауар айналымы 40 % артқандығын айтып, алдағы уақытта бауырлас елдер арасында  экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту  үшін ауқымды жұмыс жүргізуді көздеп отырғанын жеткізді. Қазір елімізде бауырлас мемлекеттің капиталымен 900-ге жуық, ал Әзербайжанда 150 қазақстандық компания сәтті жұмыс істеп тұр. Екі елдің транзиттік тасымалдағы әріптестігі жоғары деңгейде.