Түркістандағы көне Күлтөбе қалашығы қайта жаңғыруда. Бүгінгі таңда тарихи нысанның толықтай бүлінбей сақталуы үшін төбесін жабу жұмыстары атқарылып жатыр. Былтыр басталған жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Құпияға толы қалашықтағы құрылыс барысы қандай? Тілшіміз Бақдәулет Анарбай танысып келді.