Түркістан
EN

Түркістан облысында заңсыз балық аулаушылар азаймай тұр

124
10.04.2023

Түркістан облысында балық аулауға уақытша тиым салынса да, ережені бұзушылар тиылмай тұр. "Уылдырық" жедел-профилактикалық шарасы аясында полицейлер 150 келідей ауланған балық тәркіледі. Ел аумағында уылдырық шашу кезеңінде екі ай бойы балық аулауға тиым салынған болатын. Алайда, заңды елемегендер әлі де табылып жатыр. Заңсыз балық аулаушылар Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша жауапқа тартылады. Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмыс жалғастыра бермек.