Түркістан
EN

Түркістан облысында екі жігіт 5 млн теңге бопсалаған

39
10.04.2023

5 миллион теңге бопсалаған. Леңгір қаласының тұрғынын пышақпен қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне жәбірленушінің өзі хабарлады. Ол өзін белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы 5 млн теңге бопсалағандығын айтып арызданған. Түркістан облыстық полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушіден қомақты қаражатты алып тұрған жерінен 2 жігіт ұсталды. Олардың біреуі бұрын сотты болған Төлеби ауданының тұрғыны екен.