Түркістанда Күлтөбе қалашығының күмбездері орнатылып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына 2022 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 4 млрд. теңге бөлініп, толық игерілген. Аймақ басшысы жауапты басшылар мен мердігер компанияға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге тарихи ескерткіштерге зиян тигізбей абаттандыру қажеттігін ескертті.