Түркістан
EN

Бір мезетте 1500 малды бордақылау кешені жұмыс істейді

168
10.04.2023

Сарыағаш ауданында егінмен қатар мал шаруашылығы да заман талабына сай дамуда. Саялы өлкеде бір мезетте 1500 басқа арналған бордақылау кешені бар. Бүгінде серіктестікке Зеңгі баба төлі еліміздің солтүстігінен әкелінеді. Себебі оның өнімі етті молырақ береді. Ал бұл өз кезегінде жануарды байлап, сататын шаруа үшін тиімдірек. Бұл Жібек жолы ауылдық округінде 2021 жылы құрылған серіктестік. Бүгінде мұнда бір мезетте 1500 ірі қара бордақыланады. Әр бұқаны күтіп баптауға орта есеппен 4-6 ай уақыт керек. Осынша уақыттан кейін нәтиже беріп, әр жануардан 250-350 келі ет алынады. Мамандардың сөзінше, ірі қараны күтіп баптаудың өзіндік әдісі де бар.

НҰРКЕН ДУЛАТОВ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ІС БАСҚАРУШЫСЫ

  Мұндағы ірі қара көбіне Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінген. Кешенде қазір Әулиекөл, ақбас, герефорд, ангус сынды жануарлардың 6-7 тұқымы бар. Семіртуге қажетті жем-шөпті серіктестіктің өздері егіп, дайындайды. Биыл көктемгі егісттікке 150 га алқапқа жүгері, күзгі егінге бидай дақылын отырғызуға ниетті. Бордақылау алаңы толықтай автоматтандырылған.

ТАҚЫР МЕХМАНОВ ЖҰМЫСШЫ

  Қазіргі таңда мұнда айына 70-80 бас ірі қараны шұжық цехына етке өткізіп отыр. Зеңгі баба төлін өткізу өз алдына, оларға жайлы жағдай да қарастырылған. Ауданда бүгінде мал бордақылау алаңын ашамын деушілер саны көбейген. Өйткені бұл кәсіпке мемлекет тарапынан қолдау да бар.

ЕРСАЙЫН ӘБІШОВ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Серіктестік 20-ға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Кешенде 700 бас ірі қара бордақылануға дайын. Ауыл шаруашылығы Жібек жолы ауылдық округінің негізгі драйвері. Бүгінде округте 22500 халық болса, 7 елді мекенде 728 шаруа қожалық егін және мал шаруашылығы саласында қызмет жасауда.