Түркістан
EN

Түркістандағы үлгілі аула

163
10.04.2023

Жобада жеңіп, жолдама ұтып ал! Түркістан телеарнасындағы "Үлгілі аула" байқауының жеңімпазына Сарыағаштағы шипажайға жолдама беріледі. Айналасын мұнтаздай таза ұстап, ауласы мен көшесін абаттандырған тұрғындар біздің жобаға қатыса алады. Үйінің сыртқы келбетін әрлеп, бау-бақша баптаған азаматтар жарыстан тыс қалмайды. Байқау жеңімпаздарына "Алтын бұлақ" шипажайына екі кісілік жолдама беріледі. Әшірметовтер әулетінің ауласын бейне-бір шипажай дерсің. Олардың үйлері есік алдындағы биік шыршалармен ерекшеленеді. Шаңырақтың сыртқы көрінісі де ерекше талғаммен сәнделген. Айналаның барлығы мұнтаздай таза.

ЗҮМІРАТ ӘШІРМЕТОВА ТҰРҒЫН 

Отанасы Зүмірат ұл-қызы мен келіндерінің барлығын тазалыққа баулып, бағбандыққа үйреткен. Қазір ауладағы бау-бақшаны бірге баптайды. Бақша ішіне түрлі жеміс ағаштарын ексе ауласына сирен, раушан секілді хош иіс беретін гүлдер отырғызған. 

АИДА  КУДАНОВА  КЕЛІНІ

"Үлгілі аула" байқауына Түркістан облысының барлық тұрғындары қатыса алады. Көше мен ауласын мұнтаздай таза ұстап, айналасын абаттандырған тұрғындарға басымдық беріледі. Сондай-ақ, үйлерінің сыртқы келбеті де көз тартарлықтай болуы тиіс. Байқау жеңімпаздарына демеушіміз Сарыағаштағы «Кәусар-Бұлақ» санаторийіне 5 күнге 2 кісілік жолдама ұсынып отыр. Егер сіз де дәл осы байқауға қатысып жеңімпаз болғыңыз келсе, төменде көрсетілген 87075250073 нөміріне хабарласыңыз! Облысымыздағы ең үлгілі ауланы бірге анықтайық!