Түркістан
EN

Қожа Ахмет Ясауидің баласы қайда жерленген?

1897
10.04.2023

Ахмет Ясауидің баласы қайда жерленген? Түркістандық ғалымдар бірнеше жылдан бері осы сұраққа дәлел таба алмай жатыр. Ғалымдар XII ғасырда өмір сүрген Ясауидің ұлы Ибрахим шайһы жерленуі мүмкін деп болжанған жерді тапқан болатын. Тарихи тұлғаның зираты қаладағы тұрғын үйлердің бірінде екендігін айтады. Алайда, нақты дәлел табу үшін баспананы бұзып, қазба жұмыстарын жүргізу керек. «Дәл осы үйдің астында Қожа Ақмет Яссауидің ұлы Ибраһим Шайһы жерленген болуы мүмкін. Қарасаңыздар мұнда Ибраһим шайхыға арналған белгі де орналасқан. Бір адамның жеке үйі көпшіліктің құлшылық жасайтын орнына айналуы мүмкін бе?» Ахмет Ясауидің баласы Ибраһим шайхы жайлы алғаш рет түркістандық ақсақал Ілиясқожа Жолдасқожаұлы өз бетінше зерттеу жүргізген. Көнекөз қария "Ибраһим шайхы жерленген болуы мүмкін" деп Түркістандағы тұрғын үйлердің бірін көрсетіп кетіпті. Ақсақалдың газеттерге жариялаған мақалаларын негізге ала отырып, тарихшы Марат Тұяқбаев бастаған топ 2007 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

БЕРІК БАЙБОЛОВ  "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 

Ел аузында тараған аңыздар мен ақсақалдар келтірген дәлелге сүйенген ғалымдар 2 жыл бойы тұрғын үй аумағында қабза жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде екі шынар ағашының тек тамырын ғана тапқан.

БЕРІК БАЙБОЛОВ  "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 

2009 жылы зерттегенде ағаш орын көрінбеді. Сондықтан, ғалымдар бұл жерде Ясауидің баласы жерленген болуы мүмкін деген болжам ғана жасап отыр. Себебі, зерттеу жұмыстары да, дәлел де жеткіліксіз. Тек тұрғын үйдің маңына белгі ғана қойылған. Жергілікті халық бұл жерге келіп, Құран бағыштап тұрады екен. СЕЙІТКӘРІМ ӘБДІСАТТАРОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ  «Көрші Өзбекстаннан келіп зиярат етіп келетіндер бар. Ибраһим Шайһы қаза тапқан жерді тазалап қолымыздан келгенше әрлеп қойдық.» Ғалымдар Түркістан қаласындағы Қазыбек би көшесінің аумағында XII ғасырда зират болуы мүмкін екендігін айтады. Сондықтан, Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан топырағында талай тарихи тұлғалардың сүйегі жатуы мүмкін деген болжам барын растап отыр.

ГҮЛНҰР БАЙСАРИЕВА "ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" МКК БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ 

Тарихшылар Ясауи бабамыздың баласы жерленген жерге толықтай зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сүйегін табу қажеттігін айтады. Ол үшін тұрғын үйді мемлекет меншігіне өткізу керек. Сонда ғана нақты дәлел таба аламыз, - дейді зерттеушілер.