Түркістан
EN

Түркияда құрғақшылық болуы мүмкін бе?

72
10.04.2023

Түркияны соңғы 20-30 жылда болмаған құрғақшылық күтіп тұр. Әлемдік метерологтар осылай дейді. Өйткені Ішкі Анадолы жеріндегі су қоймалардың деңгейі жыл сайын төмендеп жатыр. Бұлай жалғаса беретін болса азық-түлік қымбаттап, елдің экономикасын өзгеріске ұшыратпақ. Сондықтан Түріктер жиі тасаттық өткізіп, құдайдан жаңбыр тілеуде.  Ыстамбұлда соңғы 2-3 апта бойы нөсер жауын жиіледі. Бірақ соның өзінде мега қаланың 10 бірдей су қоймасын толтыра алмай жатыр. Бүгінге дейін жауған жаңбыр бөгеттердегі судың 40,82 пайызын ғана құраған. Тек Өмерлі және Дарлык су қоймалары ғана 50 пайызға жоғарылады. Бұл өткен жылғы мәліметке қарағанда әлдеқайда төмен көрсеткіш. Енді халықтың бар үміті осы сәуір айындағы жауын-шашында.

МҰХАММЕД ЧЕЛИК – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Түркиядағы ауа райы тым құбылмалы. Мәселен өткен жылы мұнда суық және қарлы болды. Құрғақшылық болмас үшін жаңбыр жаууы қажет. Біздің бала кезімізде көктем мезгілініде күннің шуағын көрмейтінбіз. Өйткені 1-2 ай бойы аспан бұлттанып жаңбыр тоқтамайтын. Ал, қазір ондай ауа-райы мүлдем жоқ. Жауын-шашын аптасына 1-2 ақ рет болады. Түркияда ең құрғақ аймақ ішкі Анадолы. Бұл елде судың деңгейі жылдық және маусымдық жауын шашынмен өлшенеді.

Метерология департаментінің сөзіне сүйенсек қаңтар айында бар жоғы 33,2 мм жауын жауған. 1991-2020 жылдары арасындағы статистика қаңтар айларында 69,2 мм көрсеткішінде. Яғни Түркия биыл жылды құрғақшылықпен бастады. Екі жыл бұрын да осындай жағдай болған. Бөгеттерде бұған қарағанда су аз болды. Содан кейін, шамамен 15 қаңтарда жаңбыр көп жауып, ол бөгеттерді құтқарды. Бұл қайталанады деп үміттенемін. Егер олай болмаса, бізді өте күрделі мәселе күтіп тұр. Егер өте қатты жауын-шашын болмаса, біз 1-2 аптада керекті керекті мөлшердің жартысына да жете алмаймыз. Құрғақшылықтан қорыққан халық құдайдан үздіксіз жауын тілеуде. Мәселен, 6-қаңтар күні Дін істері басқармасының тарапынан жұма намазында мешіттерде жаңбыр және су дұғасы жасалыпты. Ал, ауылшаруашылық министрі Вахит Кирисчинің айтуынша бұл құрғақшылық белгілері жаһандық жылыну әсерінен екен.