Түркістан
EN

10 күннен бері газ жоқ

331
07.04.2023

Көлікке газ құю үшін тәулік бойы кезекте тұрамыз. Бұл Түркістандық тұрғындардың жан айқайы. Өйткені өңірде 10 күннен бері газ жоқ. Тұрғындар газ болмаса бензин бағасы қалтаға ауыр тиіп жатыр деп шағымданып отыр. Бұл мәселе қашанға дейін созылмақ? Облысымызда автогаз бен дизель тапшылығы қашан шешіледі? Әріптесім Балым Әлішер анықтап көрді. Газ толтыру бекеттерінің қай-қайыссына барсаңда «газ жоқ» деген жазуды тайға таңба басқандай етіп жазып қойған. Дегенмен қалаға кіре берісте ұзын сонар кезекке тұрған көліктерді көзіміз шалып қалды. Бұл Түркістан қаласы бойынша газ құйып жатқан жалғыз бекет екен. Мұнда кезекте тұрған қала тұрғындарының бірі көлігіне автогаз құйдыру үшін таңғы 8 -ден бері тұр.

НҰРЛЫ ӘБДІКӘРІМҰЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Дәл осылай кезекте тұрған адамадар қаншама! Бәрінің де күні осы сұйытылған газға қарап тұр. Статистика бойынша облыстағы көлік жүргізушілері ай сайын 12,5 тонна автогаз тұтынады. Тұрғындарға аса қажеттілік тудырып отырған мәселесінің шешімін жауапты мамандардан сұраған едік.

ҚУАНЫШ ӨМІРӘЛИЕВ    ЭНЕРГЕТИКА ИЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Сала мамандары осылай -дейді. Осы айда облысымызға 70 вагон сұйытылған мұнай газы жету керек еді. Алайда Ақтөбемұнайгаз акционерлік қоғамының мұнай өңдеу зауыты оны кешіктіріп жеткізіп жатыр екен.